Шымкент: Сайлауда 348 644 адам өз таңдауын жасады

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев мәлімдеді.

– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы ерекше жүргізілді. Яғни, партия тізімімен сайлап отырмыз. Сонымен қатар әлемдік пандемияға байланысты өзгешеліктер болғанымен, сайлау жақсы деңгейде өтті. Үшінші мегаполисте 348 644 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасады, – деді Қайырбек Көбекұлы.

Спикердің сөзінше, «Nur Otan» партиясына 261 213 (78,63%), «Ақ жол» ҚДП-на 31 876 (9,60%), «Ауыл» ХДПП-на 31 355 (9,44%), Қазақстанның халық партиясына 4 351 (1,3%) және «ADAL» саяси партиясына 3 411 (1,03%) адам дауыс берген. Бұл азаматтық таңдау санитарлық нормаларды сақтай отырып, қала бойынша 312 сайлау учаскесінде жүргізілді.

Айта кетейік, бұл – алдын ала жасалған мәлімдеме. Ал хаттаманың түпнұсқасына сай анық қорытынды екі күннен кейін шығады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жеңімпаз партиялардың Мәжілісте қанша мандатқа ие болғаны белгілі болды[:]

Tue Jan 12 , 2021
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, сайлауда 7 539 280 адамға бюллетень берілген. Саяси партияларға дауыс берген сайлаушылар саны – 7 241 562. «Nur Otan» партиясына – 5 148 074 дауыс (71,09%); «Ақ жол» партиясына – […]