Жеңімпаз партиялардың Мәжілісте қанша мандатқа ие болғаны белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, сайлауда 7 539 280 адамға бюллетень берілген. Саяси партияларға дауыс берген сайлаушылар саны – 7 241 562.

  • «Nur Otan» партиясына – 5 148 074 дауыс (71,09%);
  • «Ақ жол» партиясына – 792 828 дауыс (10,95%);
  • «Қазақстан Халық партиясына» – 659 019 (9,10%);
  • «Ауыл» партиясына – 383 023 (5,29%);
  • «ADAL» партиясына 258 618 дауыс (3,57%).

Мәжілістегі депутаттық мандат: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы – 10 мандат. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түйе жүнінің ем-шипалық қасиеттері[:]

Tue Jan 12 , 2021
Керемет жылытушы қасиеті басқа төлдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары, ғылымда “құрғақ жылу” атауына ие. Түйе өнімінен жасалған киімдер киюден: Қан айналымының микроциркуляциясы жақсарады; Қантамырлар бойы тазарады; Ұлпалардағы зат алмасу жақсарады; Артрит, нефрит, остеохондроз белгілерінен арылуға ықпал етеді; Үнемі пайдаланудан буындардың, белдің сырқырауын басылады; Гипоаллергиялық қасиетке ие: Түйе жүні өнімдері аллергияға бейім […]