Түйе жүнінің ем-шипалық қасиеттері

Керемет жылытушы қасиеті басқа төлдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары, ғылымда “құрғақ жылу” атауына ие. Түйе өнімінен жасалған киімдер киюден:

  • Қан айналымының микроциркуляциясы жақсарады;
  • Қантамырлар бойы тазарады;
  • Ұлпалардағы зат алмасу жақсарады;
  • Артрит, нефрит, остеохондроз белгілерінен арылуға ықпал етеді;
  • Үнемі пайдаланудан буындардың, белдің сырқырауын басылады;

Гипоаллергиялық қасиетке ие:

  • Түйе жүні өнімдері аллергияға бейім жандарға өте жағымды, өйткені шаң тозаң жинамайды,әрі электрленбейді;
  • Түйе жүні құрамында ланолин балауызы болады, соның негізінде түйе жүні өнімін пайдаланудан кіші гірім жарақаттар ,жаралар тез жазылады, терінің жалпы жағдайы жақсарады, жасаруына,түлеуіне ықпал етеді;
  • Түйе жүні ұзақ пайдалануға төзімді әрі мықты келеді;

Сіз түйе жүн өнімін пайдаланып көрдіңіз ба, мүмкін түйе жүннен тоқылған жемпір, кеудешеңіз болған шығар, не түйе жүн көрпе-жамылғыңыз бар шығар?

Ендеше өз көрген-білгеніңізбен, ол өнімдерді пайдаланудан байқаған артықшылықтар мен ерекшеліктермен бөлісе отырыңыз.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды[:]

Tue Jan 12 , 2021
Американың Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында алғаш рет гориллалардың коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелді. «Сан-Диегодағы хайуанаттар бағында Сафари паркіндегі гориллалардан SARS-CoV-2 вирусы анықталды. 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастаған. 11 қаңтарда ветеринарлық қызметкерлер оң нәтижені растады», – делінген хабарламада. Болжам бойынша жануарлар коронавирусты парк қызметкерінен жұқтыруы мүмкін. Желіде бөлісіңіз