Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды.
Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: бокс, кикбоксинг, каратэ, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.
Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). Түркістан облысы, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.
Мұхтархан Қобланбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!