ШЫМКЕНТ: МӘСЛИХАТҚА ӨТКЕН ПАРТИЯЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев баяндады.

– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық сайлау комиссияларының нәтижелері негізінде 348 644 адам дауыс берді. Бұл азаматтық таңдаудың қорытындысына сүйенсек, депутаттық мандаттарды бөлу барысында 7 пайыздан асқан «Nur Otan» (78,63%), «Ауыл» ХДПП (9,44%) және «Ақ жол» ҚДП (9,60%) партиялары мәслихатқа өтті, – деді Қайырбек Көбекұлы.

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласы бойынша партиялар арасында «Нұр Отан» партиясына 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 мандат және «Ақ жол» демократиялық партиясына 3 мандат бөлінді.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарының тізімі бүгінгі жарияланған қорытындыдан соң, 5 күн ішінде белгілі болады.

Фото – Береке Сейітжаппар

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді[:]

Wed Jan 13 , 2021
Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат беріліп отыр. Ол 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа – 47, аудандық мәслихатқа – 228 кандидат барады. Саяси партиялар арасында «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына – 32, «Ақ жол» партиясына – 24 мандат […]