Түркістан облысында мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді

Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат беріліп отыр. Ол 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа – 47, аудандық мәслихатқа – 228 кандидат барады. Саяси партиялар арасында «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына – 32, «Ақ жол» партиясына – 24 мандат бөлінді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев арнайы брифингте мәлімдеді.

«13 қаңтар күні – дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар – депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынады. Ал 14 қаңтарда – саяси партиялардың ұсынған тізімдерін комиссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданады. 15 қаңтар күні сағат 10:00-де облыстық мәслихаттың 7-шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басқаруымен ашылатын болады. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары таныстырылып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етіледі», – деді Әлібек Қаденұлы.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Жалпы 763 454 азамат өз таңдауларын жасаған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихатқа депутаттар тізімі жарияланды[:]

Thu Jan 14 , 2021
Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Бюросының отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 24 кандидаттан тұратын тізім […]