Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаров, «ADAL» партиясы саяси кеңесінің мүшесі – хатшысы Эльдар Жұмағазиев, StopFake.kz жобасының жетекшісі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов, Ақтөбе қаласындағы «Тандем» телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесинова тартылды.

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Қожахметов, Ш.Мұқан және Е.Тұрсынов шығарылды.

Ұлттық кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру шеңберінде 10 заң қабылданды және тағы 7 заң қарастырылуда.

Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Джо Байден АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде қызметіне кірісті[:]

Thu Jan 21 , 2021
АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мен сайланған вице-президент Камала Харрис 20 қаңтардағы инаугурацияда ант қабылдап, қызметке кірісті. 78 жастағы Джо Байден – АҚШ тарихындағы мемлекет басшысы қызметіне келген ең қарт адам. Ал Камала Харрис вице-президент мансабына келген алғашқы әйел атанады. Қызметінен кеткен президент Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. […]