Шымкенттік шенеунік 10 жылға бас бостандығынан айырылды

26 қаңтарда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ж.Байымбетов орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігі 1,3 тармағы.).

Сондай-ақ сот үкімімен «ИнвестСтройПроект ЛТД» ЖШС директоры А.Айтбаев орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 10 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы).

Олар Шымкент қаласының 49 500 га (1:500 масштабта) топографиялық түсірілімі бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде 498 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қонаев даңғылы жалғасының құрылысына 2021 жылы 10,3 млрд теңге қарастырылған[:]

Fri Feb 5 , 2021
Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым 7 учаскеден тұрады. Жалпы құны – 36 млрд.теңге. Бүгінде Сәуле шағынауданына дейін жол құрылысын аяқтауға (І,ІІ,ІІІ,V кезеңдері) жалпы 18,2 млрд теңге қажеттілігі туындауда. 2021 жылға дейін игерілген соммасы – 1,3 млрд.теңге. 2021 жылға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Аталған […]