ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Н.Ә.Назарбаев

 

       Мемлекетіміз осы бір жаһандану заманында көркейіп, өркениетті әрі жоғары сатыда дамуы үшін елімізге сауатты да білімді, қоғамда құқықбұзушылықтар мен қылмысқа төзбейтін отансүйгіш, патриот азаматтарын тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселелердің қатарында осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тұр. Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген аталған Жолдауда.

      Бүгінде жемқорлықпен күрес күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Қоғамның барлық саласында кездесетін бұл әрекет қылмыс екені айдан анық. Әсіресе,  мемлекеттік басқару құрылымдарындағы  лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет  мүмкіндіктерін жеке бастың пайдасы мен  мүддесі  үшін пайдалануы – қауіпті. 

Сыбайлас жемқорлық – өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану. Олар қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне қайшы келеді. Жолдаудағы мәселе төңірегінде көңілге бір қонымды жәйт ол – мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатындығы.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтындығы және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығы да нақты көрсетілген.

Мұны өте дұрыс шешім деп бағалаймын. Қатаң шаралар қолдану – жемқорлыққа қарсы тосқауыл бола алады деп сенемін. Сонымен бірге, Қылмыстық Кодекске құқық қорғау органдары қызметшілерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан өзгерістер енгізу де – күрестің бір жолы деп білеміз. Ендеше сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін және оған тосқауыл қоюдың тиімді жолдары, жаңа тәсілдері қарастырылып, әрекет еткен жағдайда Жолдауда айтылған мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз.

Конституция бойынша Қазақстан –  құқықтық мемлекет санатында. Мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше. Құқықтық мемлекеттің өркен жаюына өзіндік кедергі, зиян келтіріп жатқан мәселе – жемқорлық екені жасырын емес.

Бүгінгі күні сыбайлас жем­қор­лық ұғымы азаматтық қоғам­да үйреншікті құбылысқа айнал­са, ал екінші жағынан Қазақ­стан­ның қауіпсіздігіне, елдің эко­но­­ми­­ка­сының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда. Ста­­­­тис­­­тикалық мәліметтерге қа­ра­­­­­ған­­­да, рес­публикада сыбайлас жем­­қор­­­лық­тың нәтижесінде кө­лең­­келі бизнес дамып, жылы­на мем­­­ле­­­кеттік қазынаға түсетін едәуір кіріс желге ұшқандай болады. Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сы­ның қоғамға қауіптілігі Қазақ­стан өз тәуелсіздігін ал­ған­нан кейін-ақ біліне түсті. Мемлекеттік аппарат ше­­неуніктерінің сыбайластыққа салынуы әу бастан белгілі бола бастады. Осыған байланысты елімізде бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйым­­дастырушылық шаралары қолға алынды. Ал сыбайлас жемқорлық­­­тың қазіргі кездегі етек алу ауқы­мы өте үлкен. Өз өкілеттігін сату­­мен бірге, оны сатып алушы адам­­дардың көбейе түсуі билік тармақтарының сыбайлас жем­қорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминологиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр.

Сыбайлас жемқорлар өз мақ­саттарына жетуде ұйымдас­қан қылмыстық топтарды пай­да­ланады. Солардың арқа­сында ұйым­дасқан қылмыс экономи­ка­ның маңызды секторларына өз ықпалын жүргізеді. Бұл тұр­ғы­да олар шын мәнінде жаңа сапа мен түрге ие болды. Осы ай­тыл­ғандар және басқа да жағ­дай­лар Қазақстанда да халықара­лық деңгейде соң­ғы кездері ерекше көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді. Мі­не, сол шаралардың бірі – «Сыбай­лас жем­­қор­­лықпен күрес туралы» Қазақ­стан Республикасының заңы. Бұл заң ТМД елдері ішін­де бірінші рет бүкіл мем­лекет­тік дең­гейде сыбайлас жем­қор­лық­­пен күреске бағыт­тал­ған заң­­ды­­лық нормаларды бел­гіле­ді. Бірақ заңда сыбайлас жем­қор­­лық­тың субъектісінің нақты анық­­тамасының, ал ең бастысы, осы заңды қолданудың құқықтық механизмінің болмауы қиындық тудырды. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықпен күрес жайлы заң нормалары бірнеше рет өзгеріске ұшырады.

Біздің пікіріміз бойынша, сы­байлас жемқорлықтың кең көлем­­дегі түсінігін қолдану дұ­рыс сияқты. Өйткені, сыбайлас жем­­қорлықты парақорлыққа тел­іп қою дұрыс емес. Сыбайлас жем­қор­лыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипат­тарды теориялық жағынан бел­гі­леген мәнді болады. Ком­мер­ц­иялық құрылымдардың қыз­мет­керлерімен өзге де ұйым­дар­­­дың қызметкерлері қызмет ба­бын асыра пайдаланған жағ­дай­да мемлекеттік органдар мүд­­­десіне ондай нұқсан кел­ме­й­ді және олардың әлсі­реуі­не әке­ліп соқпайды. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пай­да­ла­нушылық көп мате­риалдық шығынға ұшыра­туы және басқа да ауыр жағдайға ұрындыруы мүмкін. Бұл ретте «корпоратив­тік сыбайлас жемқорлыққа» қар­сы іс-шаралар туралы сөз болуы шарт. Жергілікті өкілді және мем­­­­лекеттік басқару орган­дары­на ке­летін болсақ, оларда сы­бай­лас жемқорлықтың орын ала­тын саласына қосу прин­ципті түр­­де маңызды болып табы­лады.

Сыбайлас жемқорлық­­тың субъек­­тілері мемлекеттік қыз­мет­ті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексерілген адамдар, лауазымды адамдар, лауа­зым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер­лер та­ны­лады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қа­лып­­тасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемле­кет­тік қызметкерлердің осы са­нат­­қа жату мәселесі даулы бо­лып табылады. Алайда, мем­ле­­к­ет­­­тік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қар­сы кез келген қызметкер бел­гілі дәре­жеде қауіп төндіре алады. Олар­ды қылмыстық жауап­кер­шілікке тартудың міндетті шарты заң қор­ғайтын мүддені – елеулі түр­де бұзу болып табылады. Ал әдетте мұн­дай әрекетті олар өздерінің қыз­мет бабына байланысты  жүзеге асырады. Егер мемле­кет­тік қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауап­қа тарту керек.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күрес­те қазіргі заман талаптарына то­лы­ғырақ жауап береді. Кодекс­те сыбайлас жемқорлық қы­лмыс­тарының нақты тізбегі және оған жауапты болатын тұлғалар­дың түсінігі берілген. Бірақ, онда кей­бір кемшіліктер де бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбыл­ма­лы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қыл­мыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Бұл құбылыспен қарсы күресте үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды. Бұл процесс мақсат болып табылмайды, ол нақты теориялық базаға, ішкі және халықаралық тәжі­рибе­лер­дің тарихи дәстүрлері мен ерек­шеліктеріне негізделуі тиіс. Сон­дықтан, осы қауіпті құбы­лысқа қарсы күрес жүргізудегі пай­да болған қажеттіліктерді объек­тивті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту қажет.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өз қызмет бабын пай­даланып қылмыс жасаған адам­дарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабын осыған байланыс­ты тиісті мазмұнда толықтыру ұсынылады. Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды тұл­ғаның өз қызмет бабын пай­да­лану арқылы жасайтынын көр­се­теді. Осының өзі бұл қы­л­мыс­­тың қоғамдық қауіптілігін арттырады. Дегенмен біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғам­ға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Адам­ның қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіп­тілі­гі дә­ре­­жесін арттырады. Сол себепті, бұл белгі заңда тиісінше көрі­ніс табуы қажет. Әрине, сыбайлас жемқор­лықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы әбден мүмкін. Мұны түсіндіру үшін Жоғарғы соттың жаңа арнайы нормативтік қаулылары керек. Осы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқа­ратын, сондай-ақ оларға теңес­тіріл­ген адамдардың лауазым­дық өкі­лет­тігін және соған бай­лан­ыс­ты мүмкіндіктерін және бас­қа да өзінің өкілеттіктерін пай­­­да­­лана отырып, жеке өзі н­еме­­се делдалдар арқылы заңда кө­­з­­дел­меген мүліктік игілік­тер мен ар­тық­шылықтарды құқық­қа қар­сы беруі, сатылуы тиіс деп көрсетілгені жөн. Осылайша мемлекеттік билік органдарында сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы, болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Бұл біздің елімізде 2008 жылы 6 маусымда ратификацияланған БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына толық сәйкес келеді. Осыған байланысты өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым, бірлестік мүддесі үшін пайдаланған субъектілердің қылмысын аса ауыр қылмыс санатына жатқызылып, олар үшін жаза мөлшері жоғары деңгейде белгіленгені дұрыс.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп жалған мәлімет, хабар берген субъектілердің көпе-көрінеу теріс іс-әрекеттерге барғаны үшін жауаптылы­ғы күшейтілуі және мұндай іс-әре­кеттер қылмыстың аса ауыр санатына жатқызылуы керек. Бұл тұрғыда арнайы заң нормасын қылмыстық кодексте көрсеткен орынды. Сыбайлас жемқорлық қылмысын сылтау етіп кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапқа тарту өте ауыр қылмыс санатына жатқызылуы қажет. Аты-жөні жоқ арыз, шағым­дар тексерілуі тиіс. Ондай арыз-шағымдарда жалған мәліметтер берілсе, хабарлама берген субъектілер қылмыстық жауап­тылыққа және жазаға тартылуы қажет. Заң нормаларымен осы айтылған ұсыныстар рет­телсе, сыбайлас жемқорлыққа тос­­қауыл қойылар еді.

Бұл атал­­­ған­­­дар­дан басқа сыбайлас жем­қор­­­лық­­­пен табанды күрес жүр­гізу үшін бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да жария етіл­ген осындай іс-әре­кеттерді құқық қорғау орган­дары дер кезінде тексеріп, оқыр­ман­дарды тиісінше хабардар етіп отырғаны дұрыс. Сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы бағыт­талған құжаттардың әлі де өзара қайшылықтарын жойып, олардың нақты қолданылу меха­низмін жетілдірген жөн. Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сымен күрес жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағыт­тал­ған мемлекеттік шара. Ең бас­тысы осы кеселге қатаң бағыт­талған мемлекеттік бағ­дарлама жоғары деңгейде жауап­тылықпен іске асырылуы тиіс. Сонда ғана Президенттің халыққа Жолдауы толық жүзеге асады.

Еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы күрделі сұрақты шешуге ықпал ету үшін Елбасымыз Жарлығымен «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» атты нормативтік актіні қабылдаған. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Қазақстан Республикасы жүргізілетін саясатымен сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп көрсетеді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарауы үшін біз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сілтей аламыз?! Сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та, оның қазіргіден әлдеқайда әлсізденетіндігіне өз басым кәміл сенемін. Сол мақсатқа жету үшін әрбір отбасында,  балабақшада тәрбиеленетін, мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана біз оны қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз. Сол себепті, ұлтжанды азамат тәрбиесіне селқос қараудан аулақ болған жөн. Қайта, бар назарымызды ұрпақ тәрбиесіне шоғырландыра алсақ, жарқын болашаққа  сенімді әрі нық қадам тастарымыз анық.

Қазақстан Республикасының құрылуына отыз жыл болды. Осы қысқа мерзімде біздің еліміз бүкіл әлемге танымал болу үшін үлкен жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде Президент қолдаған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданды. Халықтың және басқа елдердің Қазақстанға беріп отырған сенімін ақтау үшін барлық шаралар жасалуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – олардың ішінде ең маңыздыларының бірі. Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Ол үшін ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер бойында отансүйгіштік қасиеттері қалыптасқан, туған жері мен елі үшін қалтқысыз қызмет ететін жоғары парасатты тұлға болуы шарт. Сонда ғана, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы экономикасы мықты, халқы бай, бақуатты, азаматтарының тұрмысы жоғары елге айналады. Сондықтан да, алға қойылған мақсат-міндеттерді мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам бірлесіп атқаруы қажет. Бірлік – түбі береке екендігін естен шығармай, бірлесіп қамал алатын кезең келіп жетті.

 

Кулдербаев Жандос ТЫНЫМБЕКОВИЧ,

Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі

департамент бастығының орынбасары, майор.

 

 

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ақын Шөмішбай Сариев дүниеден озды[:]

Mon Feb 15 , 2021
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлады adilettv.kz. Бұл қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданы Шөміш стансасында дүниеге келген. Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. […]