ШЫМКЕНТ – «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ» ЖАҺАНДЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ЕНЕДІ

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі бағыттардың бірі – қаланы цифрландыру. Осы орайда бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халыққа мемлекеттік қызметтердің 96 пайызы «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылады. Қала сауда объектілерінің 65 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшіріледі, Шымкент – «Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енген қалалардың біріне айналады. «Мектептерде бейнебақылау камераларын орнату», «T-hunter» мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған жүйесі мүмкіндігін кеңейту жобалары іске асады. Сондай-ақ, «Бірыңғай әлеуметтік ID-картаны енгізу» жобасы жүзеге асады. Мұның бәрі ынтымақтастықтың басты қағидаттары – ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына саяды.

Бұл туралы бүгінгі өткен Шымкент қалалық мәслихаттағы «Nur Оtan» партиясы фракциясының отырысы барысында сөз болды. Жиында Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахманберді Мулкеманов баяндама оқыды. Баяндамада партияның Шымкент қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жасалынған Жол картасын іске асыру туралы айтылды.

Алқалы жиынға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы және салалық басқармалардың басшылары мен аудан әкімдері қатысты.

Мәжілісте сөз сөйлеген қала басшысы: «Бізге босаңсуға болмайды, халықтың партияға деген сенімін сайлауалды бағдарламада көрсетілген 10 бағытты сапалы әрі уақытылы орындап, жүзеге асыру арқылы арттыруымыз қажет», – деп атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша партияның Шымкент қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жасалынған Жол картасында көрсетілген 2021 жылы атқарылуы тиіс жұмыстарға жауапты басқармалар мен депутаттар нақты бекітілді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РАЗРАБОТАНА КАРТА ПО ПРЕДУПРЕЖДЕНИЮ ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ[:kz]ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ[:]

Fri Feb 19 , 2021
Ел алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаһан жұртын құрсауына түсірген пандемия кезінде орын алған Мақтаарал оқиғасын еске алды. «Басына қиын іс түскен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмады. Бұл халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеді. «Бірлігі бекем ел, бәрін жеңеді» демекші, апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты. Бұл жағдай Қазақстан […]