ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН – ӘЛЕМДІК ТУРИЗМ ОРДАСЫНА АЙНАЛУҒА ЛАЙЫҚ

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай,  Түркістан қаласын дамыту бағытында 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңға әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталды», – деді халық алдында есеп берген Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі биыл туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін артатынын айтты. Осы жылы «Керуен Сарай» туристік кешені ашылып, «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасын іске асырылады. Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасы жүзеге асады.

«Туризмді халықаралық деңгейде дамыту мақсатында Өзбекстан мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының форумы аясында Үкімет басшыларының қатысуымен Ташкент, Самарқанд, Бұхара облыстары мен Түркістан облысы құрамдастырылған турларды әзірлеу және оларды әлемдік нарықтарда ілгерілету бойынша төрт жақты келісімге қол қойылды. Биыл Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржолдың жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаны іске асыру екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен туризмді дамытуға оң әсер береді», – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетуде. Қазақстандағы туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ескере отырып, Түркістанда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды.

«Облысымыз тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше  «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының тарихи орталығында жергілікті халықпен туристерге облыстың туристік нысандары, оның ішінде тарихи-мәдени, емдік-сауықтыру, табиғи  орындары бойынша «Бір терезе» қағидасымен ақпарат ұсынатын «Қабылдау Орталығы» ашылды. Орталықта, туристер тек қана ақпарат алып қана қоймай, өңірдің тарихымен, қаладағы орналастыру, тамақтану орындары бойынша ақпараттар ала алады.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында жеке инвестициялар есебінен республикада теңдесі жоқ көпфункционалды «Керуен Сарай» туристік кешенінің құрылысы жүргізілуде. Инвестиция көлемі – 88 млрд.теңге. Шығыс үлгісінде салынған бірегей кешенде қолөнершілері бар жабық базарлар, шығыс базары, сауда орталықтары, гандола қайықтарының жүзуіне арналған су арналары, ойын-сауық орталығы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер жұмыс істейтін болады. Жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, 600 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Өрттен бір үйдің бес баласы қаза тапты[:]

Sat Feb 20 , 2021
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды (киімдер мен жиһаз отқа оранды). Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары дүниеге бес бала қалып қойған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйдің […]