Сот Шымкент қалалық спорт басқармасының қос азаматтығы бар басшысының ісі бойынша шешімін жариялады. Шенеунік Шымкент полиция департаментіне арыз жазғанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартты, – деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі.
Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын.
“Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын және төлқұжаты барын анықтады, мұны №1 көшірме растайды. Бұл деректі Шымкент бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хаты мен РФ ІІМ жауабы растады.
Почивалов және оның өкілі сотқа теріс дәлел келтірмеді. Осылайша, полиция департаментінің іс-әрекетінде заңсыздық анықтаған жоқ”, – деді судья Нұрғали Исмаилов.