ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Полиция департаменті. Бұл ішкі істер органындағы маңызды құрылым. Полиция қызметкерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және заң бұзушылықтың жолын кесу. Полиция қызметкері кез келген жағдайда сақадай сай болуы тиіс.  Тәуліктің кез келген уақытында және ауа райының түрлі құбылысына қарамастан шақыртулар мен штаттан тыс жағдайларға дайын болуы қажет. Полицейлердің кәсіби іс-әрекеті адам өмірінің аман қалуына тікелей ықпалын тигізеді.

Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өте маңызды. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың полиция қызметі сервистік модельге көшу талаптарын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы  қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұдайы қызмет атқарады. 2021 жылы «жұртқа жақын полиция» қағидасына  сәйкес жұмыс жасайды. Аудандағы жалпы криминогендік жағдай тұрақталып және ағымдағы жыл басынан  барлық қылмыс түрлерінің ашылуы жоғарылаған.

Қазіргі уақытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыстардың өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда -17 пайыз төмендеген. Оның ішінде бұзақылық қылмыстар 6-дан 4-ге төмендеп, түсу көрсеткіші -33 пайызды құрап отыр, пәтер ұрлығы – 31 (2020ж. -69) тіркелуі 55 пайызға төмендеген. Жалпы өзгенің мүлкін ұрлау фактілері бойынша – 2021 жылы 82 дерек тіркеліп (2020ж. -132) тіркелуі 38 пайыз төмендеген. Яғни, орын алған ұрлық қылмыстар ізін суытпай ашылуда деген сөз.

 

Басқарма қызметкерлерімен 2021 жылдың басынан осы уақытқа дейін ұрлық қылмыстары бойынша бірнеше топтар құрықталып, олармен аудан көлеміндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, ауданға қарасты Қайнар бұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ елдімекені, Достық мөлтекауданында түрлі сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілуде.

 

 

Өздеріңізге белгілі Қаратау ауданы аумағында жаңа мөлтек аудандар мен қалашықтардың салынуы, тұрғындар мен келетін қонақтардың санының артуына әкеліп соғады. Демек қарапайым халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау өте маңызды. Осыған орай орын алған қылмыстарды ізін суытпай ашу мақсатында Қаратау ауданы аумағында орналасқан көп қабатты үйлердің ауласында бейнекамера орнатып беру мәселесі қарастырылып жатқаны туралы да ақпарат белгілі болды. Қазіргі таңда Қаратау ауданында жалпы 50 мыңнан астам жеке үйлер мен 950-ден астам көпқабатты үйлер бар.

Біздің мақсат – полиция құрылымы жұмысының тың беттерін көрсету еді. Ендеше, елдік жолында атқарылар игі істер көп болғай.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі[:]

Tue Feb 23 , 2021
Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде. Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда. Негізінен ғимараттардың құрылысы былтыр бастау алған. Айта кетерлігі, […]