Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде. Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда. Негізінен ғимараттардың құрылысы былтыр бастау алған. Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарды[:]

Tue Feb 23 , 2021
Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді. «Тергеу оның үйқамақта отыруын ертерек – 12 ақпанда шешіп қойған. Мерзім наурыз айының соңына дейін ұзартылды», – деді Дмитрий Куряченко. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа […]