Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарды

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді.

«Тергеу оның үйқамақта отыруын ертерек – 12 ақпанда шешіп қойған. Мерзім наурыз айының соңына дейін ұзартылды», – деді Дмитрий Куряченко.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Біртановтың заңсыз қуғындалып жатқанын және мұны тоқтатуын сұрап хат жазғанын айтты.

Еске салайық, экс-министр Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында қызметінен кеткен болатын. Оның ұсталғаны туралы ақпарат 3 қарашада жария болды. Біртановты бюджеттің ірі көлемдегі қаражатын талан-таражға салды деп айыптап жатыр. Қазір ол үйқамақта.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тоқаев Президент телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады[:]

Wed Feb 24 , 2021
Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты. Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан […]