Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды

15 ақпанда Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кеткен 1987 жылғы сотталушы Дамир Давутов ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, сотталушы 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталған.

Бұған дейін хабарланғандай, тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам бұрын да бірнеше рет сотталған. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы қашып кеткен мекемеге тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылған.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады[:]

Mon Mar 1 , 2021
«Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы […]