Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

«Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өркендеуі жолында еңбек сіңіргендерге алғыс айтты.

«Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!», – деді ол.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті[:]

Mon Mar 1 , 2021
Шымкент қаласында дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы 30 пайызға дейін артты. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше осы жылдың қаңтар айынан бастап қаладағы 3288 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 7535 орта буын медицина қызметкерінің еңбекақысы 20 пайызға дейін артқан. Сонымен қатар, Б.Позилов қаладағы эпидемиялогиялық […]