Шымкентте медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті

Шымкент қаласында дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы 30 пайызға дейін артты. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзінше осы жылдың қаңтар айынан бастап қаладағы 3288 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 7535 орта буын медицина қызметкерінің еңбекақысы 20 пайызға дейін артқан.

Сонымен қатар, Б.Позилов қаладағы эпидемиялогиялық жағдайды баяндады. Бүгінге дейін қалада өткен жылдың 24 наурыздан 2021 жылдың 1 наурызға дейін  COVID-19 ауруының 6 154 жағдайы тіркелген. Ал емделіп шыққан науқастар  саны – 5 565.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары жайында айтылды[:]

Mon Mar 1 , 2021
2-3 наурызда Қырғызстан президенті Cадыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қырғыз президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев мәлімдеген. Қырғыз басшысы бұл сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен елдер арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың болашақ перспективасын талқыламақ. Сондай-ақ садыр Жапаров Қазақстанның тұңғыш Президенті […]