«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА 22 ЖЫЛ! ПАРТИЯ ҚҰРАМЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

“Nur Otan” партиясы – еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының кепілі

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстаның дамуы мен өркендеуінде басты рөл атқарып, ілкімді істердің арқасында халықтың зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясына 22 жыл толады.

“Nur Otan” партиясының Шымкент қалалық филиалында бүгінде 49 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқаруда. Қатарында 35 мыңнан астам партия мүшесі бар жетекші партия жақындағы сайлауда да халықтың сенімінен шықты.
«Nur Otan» партиясы» 1999 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігін қайта құру жолымен құрылған болатын. Сол жылы 1-ші наурыз күні «Отан» республикалық саяси партиясының І құрылтай Съезі өтіп, партияның негізі қаланған күні болып белгіленді.

Осы мерейлі датаға орай «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты шара өтті. “Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, Ұранымыз – береке мен бірлік”,- деген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың келелі сөздерімен безендірілген әсем зал адамды қанаттандырып, жігерін тасыта түсетіндей күйге бөледі. Бұл қызметке кіріскен әрбір азаматқа адуынды күш сыйлайтыны анық.

Аталған Жиынға Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов, жас нұротандықтармен бірге саяси ұйымның қалыптасуына еңбек сіңірген партия ардагерлері де арнайы қатысты. Партия жұмысына сәттілік тілеп, ақ тілектерін жаудырды. Олардың қатарында  Байдулла Қонысбек, Әбілқасым Досболов, Өмірзақ Мелдеханов, Алмасбек Мамытбеков  және  Досыбай Шерімқұлов сынды ел ағалары бар.

Шара қатысушылары партияның осы жылдарда артқарған жемісті еңбегі жайлы жарқын естеліктерімен бөлісті.

Жиынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы аудармашы – Мархабат Байғұт ашып, жүргізіп отырды.

Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «нұротандықтарды» мерекемен құттықтап, жаңа бастамаларды жүзеге асыру жолында сәттілік тіледі.

–Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы бүгінде бір реттік іс-шаралар ұйымдастыруды емес, елімізде орын алып жатқан нақты саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де реформалардың басы-қасында жүруді мақсат етеді. Нағыз атына заты сай екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Партия өзінің дамуында жаңа кезеңге аяқ басты. Өткен жылы алғашқы праймериз өткізіп, бірегей, мол тәжірибе жинадық. 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Қала тұрғындарының сапалы өмір сүруі үшін бағдарланған алдағы 5 жылдық жұмыс жоспарымыз праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының негізгі бағыттарының біріне айналды, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.


Партия тарихы мен бүгіні жайлы сөз сөйлеген партия ардагерлерінің қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, экономика, журналистика, кәсіпкерлік саласының өкілдері болды.
Сондай-ақ, жиында партияға жаңадан қабылданған 10 азаматқа партиялық билеттер табысталды. Партиялық билеттер алған азаматтардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, студент, зейнеткер және мұғалімдер мен дәрігерлер бар.

Саяси ұйым қатарында алғашқы күннен бастап ел игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан партияның Шымкент қалалық филиалындағы ардагерлер жастарға бата берді.

 “Жаңа буын, жалындаған жастардан елге қызмет жасайтын белсенді, елге демеу болып, дамыта білетін халықтың сенім артар абыройлы қызметкер, ардақты азамат болуын күтеміз, соған ниеттіміз!”,- деді “Nur Otan” партиясының ардагері  Өмірзақ Мелдеханов.

Айта кетейік, бүгінде бас партияның қалалық филиалы өңірде бірқатар істерді қолға алып, жүзеге асыруда. Соның ішінде көмек сұрай барған халықтың мұң-мұқтажы, мәселесі шешіліп жатқанын баса айту қажет. Партия жұмысының басты бағыты – сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырып, халыққа қолайлы жағдай жасау. Осы орайда қаламызды гүлдендіру мен дамытуда партиялықтар аянбай еңбек етуде. Енді партияның 22 жылдық мерейтойы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен одан әрі сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық жəне технологиялық, саяси, əлеуметтік үдеріспен үндесіп, көптеген игі істерге серпін беруін жалғастыра бермек.

ЖАНАР БЕКТАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда “Nur Otan” партиясы саяси институттардың ішінде көшбасшы екені даусыз. Осы орайда, Қазақстанның дамуы мен өркендеу жолында басты рөл атқарып, жүйелі істердің арқасында халықтың зор сеніміне ие болған партия ауқымды істерінің күннен-күнге артып келе жатқанын ерекше атап өту керек. Алдағы уақытта сіздерді атқарылған оң істер мен қол жеткізген нәтижелер туралы хабардар етіп отыратын боламыз. Ең бастысы партия халық ішіндегі өзекті мәселелерді шешу жолында аянбай қызмет атқара береді.

Сонымен қатар, Партияның 22 жылдық мерейтойына орай өткен іс-шарада қала әкімі Мұрат Әйтенов “Құрметті қонақтар кітабына” алғаш болып нұротандықтарға деген ізгі тілегін жазды. Алдағы уақытта тілектер кітабы жылы лебіздермен күннен-күнге қалыңдап, тұрақты жүргізіліп, ақ тілектердің асыл сандығына айналады деген үміттеміз. Себебі, “жақсы сөз – жарым ырыс” дейді дана халқымыз. Көптің тілегі қабыл болып, жазылған тілектер ертеңгі шындыққа айналса біз тек қуанамыз.

Естеріңізге сала кетейік, “Nur Otan” партиясы  22 жыл ішінде ол өзін Елбасының саяси бағытын белсенді жүзеге асыратын жетекші партия ретінде танытты. Шара барысында тарихқа шолу жасалып, атқарылған істер баяндалды. Ал, партия қатарына қабылданған жаңа құрам ел дамуы жолында аянбай еңбек етуге уәде берді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді[:]

Tue Mar 2 , 2021
Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан өтіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізу үшін резиденцияның «Шығыс залына» барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік […]