Әбу-Даби Қазақстанды “жасыл тізімге” қосты

Әбу-Дабиге ұшып келген қазақстандықтар міндетті карантин шараларынан босатылды, – деп хабарлайды ADILET.TV порталы Arabianbusiness.com басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Әбу-Даби мәдениет және туризм департаменті елдердің “жасыл тізімін” жаңартты. Енді Қазақстаннан келген жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасына қонғаннан кейін міндетті карантин шараларынан босатылды және Әбу-Даби әуежайына келгеннен кейін коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы керек.

Сондай-ақ, “жасыл тізімге” Марокко, Сауд Арабиясы, Аустралия, Бутан, Бруней, Қытай, Гренландия, Гонконг, Исландия, Маврикий, Жаңа Зеландия және Сингапур кірді. Бұл тізім аталған мемлекеттердің азаматтарына ғана емес, сол елдерден келетін жолаушыларға да қатысты болып отыр.

Әбу-Даби шетелдік туристерді өткен жылдың 24 желтоқсанынан бастап кіргізді, бірақ әмірлікке кіру үшін коронавирустың алдын-алу шаралары, соның ішінде Дубайдан келгендер үшін де қатаң шаралар қолданылды. Мысалы, 10 күн оқшаулану міндеттелді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты митинг өтті[:]

Wed Mar 10 , 2021
Жаңаөзен тұрғындары қалалық әкімдік ғимаратының алдында митинг өткізді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Олар сұйытылған мұнай газының қымбаттауына наразылық білдірді. Митинг 9 наурызда өткен. Қала тұрғындары әкімдік ғимаратының маңына жиналып, биліктен ТМД-дағы бөлшек сауда нарығындағы бағаны бірыңғай ретке келтіруді талап етті. Жаңаөзен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін […]