Франция құрамасы Қазақстанға ұшып келді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
28 наурызда Франция құрамасы “Әлем чемпионаты – 2022” іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын өткізеді. Елордаға команданың барлық жұлдызды ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Киллиан Мбаппе, “Барселонадан” Антуан Гризманн және “Манчестер Юнайтедтен” Пол Погба келді. Олар да Қазақстан құрамасына қарсы матчте өнер көрсетеді.
Ойын 28 наурызда сағат 19.00-де көрермендерсіз өтеді. Оны Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бүгін, 27 наурызда Франция құрамасы матч қарсаңында “Астана Аренада” жаттығу өткізеді.