Франция құрамасының бас бапкері Қазақстанды мақтады

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Украина мен Қазақстан матчы туралы пікірін айты, – деп хабарлайды adilet.tv тілшісі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Киевте өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.

“Қараңыздаршы, журналистер Қазақстанды ақымақтар командасы деген. Ал олар Украинамен тең түсті. Соншалықты ақымақ емес, солай ғой?”, – деп келтірді Дешамның сөздерін Get French Football News.

Еске салайық, 28 наурызда Франция құрамасы сырт алаңда Қазақстанды 2:0 есебімен жеңген, ал кеше Босния және Герцеговинадан басым түсті. Оның алдында Дешам шәкірттері Украинамен тең тарқасқан.

Франция жеті ұпай еншілеп, D тобында көш бастап тұр. Украина үш ұпаймен екінші орында. Финляндия үшінші, Босния төртінші сатыда келеді. Қазақстан бесінші орында тұр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Whatsapp мессенджерінде балалар арасында Кавасаки ауруы таралғаны туралы ақпарат пайда болды[:]

Thu Apr 1 , 2021
Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды, – деп хабарлайды StopFake. Қазақстандық желі қолданушылары арасында тағы бір ақпарат таралды. Бұл жолы өзін дәрігермін деп таныстырған әйел аудио хабарлама арқылы балалар арасында Кавасаки ауруы өршіп тұрғанын айтқан. Хабарламада денесінде бөртпесі бар нәрестелердің суреті болған. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырған балалар арасында Кавасакиге ұқсас […]