Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады.

“Ол салықтық тексерісті уақтылы және кедергісіз аяқтап отырғаны және МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Соталды тергеу аяқталғаны хабарланды, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды”, – деді аса маңызды істер бойынша тергеуші.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істер тергелуде[:]

Fri Apr 2 , 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру онлайн форматқа өтуіне байланысты компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. “Еліміздің бес өңірінде білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 2020 жылы Үкіметтің шұғыл шығындары есебінен компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктер сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша алты […]