Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасында вакцина салдырғандардың электрон паспорты іске қосылғанын мәлімдеді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасында вакцина салдырғандардың электрон паспорты іске қосылғанын мәлімдеді.

eGov Mobile қосымшасының “сандық құжаттар” бөлімінде вакцинациялаудың электрон паспорты іске қосылды. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препарат, қанша доза, қай күндері салдырды. Құжатты талап етілген жерде және QR кодын қолдана отырып көрсетуге болады.

Министр вакцинацияның қазақстандық электрон паспорты және халықаралық жүйелермен байланыстың маңызын айтты.

“Қазір IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. eGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде оң жақта орналасқан “жаңарту” батырмасын басу керек. “Сандық құжаттардағы” паспорт екінші дозаны алғаннан кейін ғана көрсетіледі”, – деп толықтырды Мусин.

Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін және әр адам бас тартуға құқылы екенін айтты.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады.[:]

Mon Apr 5 , 2021
Бұл туралы  ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады. “МТҚ” АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды. Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады. Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына […]