Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады.

Бұл туралы  ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

“МТҚ” АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды.

Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады.

Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет – аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген анпарат жария болған,” – деді мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.

Ведомство желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекеттік техникалық қызмет зиянкестердің құрбаны болу қаупі бар екенін ескертті: жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау; қоқан-лоқы; банк картасынан заңсыз ақша шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп-қатер төндіру, мысалы, олар оқитын мектептер туралы мәліметтерді БАҚ-та жариялау.

Жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін KZ-CERT қызметінің кеңестері:

  • Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету;
  • Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз.
  • сенімсіз кілтсөздер қолданбау керек. Әлсіз комбинациялар ештеңеден қорғамайды.
  • әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында Toyota Camry 50 көлігі жылқыны соққан[:]

Mon Apr 5 , 2021
Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын хабарлады. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Назар аударыңыз! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды! Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Шымкент тұрғыны Toyota Camry 50 маркалы автокөлігімен Түркістаннан келе жатқан. Бір сәтте жолдың […]