Түркістан облысында Toyota Camry 50 көлігі жылқыны соққан

Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын хабарлады.

Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Назар аударыңыз! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Шымкент тұрғыны Toyota Camry 50 маркалы автокөлігімен Түркістаннан келе жатқан. Бір сәтте жолдың сол жағынан жүгіріп шыққан жылқыға соғылған.

“Оқиға орнында үш адам қаза тапты: күйеуі мен әйелі және олардың кәмелетке толмаған немересі. Көлік жүргізушісі, қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Дерек ҚР ҚК 345-бабы “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша тіркелді.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи сериал түсірмек[:]

Mon Apr 5 , 2021
Қазақстан мен Түркия елі бірлесіп сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, – деп хабарлайды “Хабар 24”. Телеарна мәліметінше, жобаға түркиялық продюссер Эмре Конюк қатысады. “Алдағы уақытта 6 бөлімнен тұратын Алып-Арслан тарихи телехикаясын түсірмекпіз. Туындыдағы соғыс алаңдары мен жазық дала көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қорқыт Ата […]