Қазақстан мен Түркия бірлесіп тарихи сериал түсірмек

Қазақстан мен Түркия елі бірлесіп сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, – деп хабарлайды “Хабар 24”.

Телеарна мәліметінше, жобаға түркиялық продюссер Эмре Конюк қатысады.

“Алдағы уақытта 6 бөлімнен тұратын Алып-Арслан тарихи телехикаясын түсірмекпіз. Туындыдағы соғыс алаңдары мен жазық дала көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қорқыт Ата жайлы фильм түсіретін кез келді. Төрткүл дүние ұлы тұлғаларымызды тануы тиіс. Ұрпақтары ретінде бұл біздің борышымыз”, – дейді Эмре Конюк.

TRT түсірілім павильонының директоры Яхия Тайып Айдениздің айтуынша, түрік режиссерлері қазақстандық Nomad каскадерлері мен “Хассақ” этно-фольклорлық ансамблімен жұмыс істейді.

“Тарихымыз бір. Сондықтан ортақ жобаны жүзеге асырсақ деп армандаймыз. (…) Халықаралық TRT киностудия қалашығының құрылысын бір жыл бұрын бастадық. Бүгін бір бөлігін қазақстандық делегациямен бірге аралап, ортақ жобаны жүзеге асыру жөнінде пікір алмастық”, – дейді ол.

Телеарна мәліметінше, Түркия бүкіл әлем бойынша телехикая экспорында екінші орында тұр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]122 миллионның алтынын ұрлаған күдіктілер қолға түсті[:]

Mon Apr 5 , 2021
”Қазақалтынның” екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмысты ашуға тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іс бойынша 300-ге жуық адамнан жауап алынды. “Тергеу тобының назарына Жолымбет кентінің 26 және 34 жастағы екі […]