122 миллионның алтынын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

“Қазақалтынның” екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмысты ашуға тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іс бойынша 300-ге жуық адамнан жауап алынды.

“Тергеу тобының назарына Жолымбет кентінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны ілікті. Екеуі де “Қазақалтын” жұмысшысы. Олар қылмыс жасауды алты ай бұрын жоспарлағаны анықталды”, – деді құқық қорғау органы өкілдері.

Күдіктілер кінәсін мойындаған. Заттай дәлел қылмысқа қатысушылардың бірінің туысының пәтерінен табылды. Зауыттан ұрланған алтын катоды сол көлемінде тәркіленген.

Алтын катоды 2 наурызға қараған түні Жолымбет кентіндегі “Қазақалтын” АҚ кенішінің десорбция сақтау камерасынан ұрланған. Шығын 122 миллион теңгеге бағаланды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды[:]

Mon Apr 5 , 2021
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың этникалық қазақ оралды. […]