1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың этникалық қазақ оралды.

“2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (75,6 пайыз) Өзбекстаннан, 11,9 пайызы ҚХР-дан, 5,8 пайызы Түрікменстаннан, 3,0 пайызы Моңғолиядан және 3,6 пайызы басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (32,6 пайыз), Түркістан (16,5 пайыз) және Маңғыстау (14,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0 пайыз) және Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз) қалаларына қоныстанды”, – делінген хабарламада.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 59,9 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,1 пайыз және зейнеткерлер – 16,0 пайыз.
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды[:]

Mon Apr 5 , 2021
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. […]