ТӨЛЕБИДЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 60-ҚА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Төлеби ауданында да жүзеге асуда,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу. Қазіргі таңда аудан бойынша жағдайы төмен 59 отбасының тізімі жасақталған.
 Тұрғылықты мекен-жайларына қарай әр отбасыны келісімдері бойынша аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және кәсіпкерлер өз қамқорлықтарына алып, кураторлары ретінде бекітілді. Кураторлар 59 отбасыға қажет жағдайда азық-түліктер, қатты отын жеткізіп, заң аясында құжаттарын рәсімдеуге, заңдастыруға көмек беретін болады.
Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы 139 отбасыға 3 млн. теңгеге жуық әртүрлі көмек көрсетіліп отыр. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған 59 отбасыға кураторлар көмегімен 1 миллионнан аса теңгенің көмегі берілді. Сондай-ақ аудандық этномәдени бірлестіктер 8 отбасыға 150 мың теңгенің азық-түлігін таратса, Жастар ресурстық орталығы 10 отбасыға 150 мың теңгенің көмегін көрсетті. Сонымен қатар Халық банкі атынан 2021 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар ішінен мүгедектігі бар балалардың әр отбасына 23554 теңгеге азық-түлік, жалпы 62 отбасыға бір жарым миллион теңгеге жуық көмек көрсетілді.
Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті[:]

Mon Apr 5 , 2021
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, […]