Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік  мекемелер мен қоғам өкілдері қатысты.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының осы бағыттағы жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басымдығы туралы атап өтті.

Ол барлық мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру және оларды алу кезінде кедергілерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Агенттік өкілі Жазира Жылқышиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін жемқорлықты жоюға бағытталғандығын атап өтті.

Жазира Жылқышиева қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударды.

«Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралдары бар. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты. Оны мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, олар формальды сипатқа ие, басшылар тәуекелдерді жоюға мүдделі емес, өйткені бұл оларға тиімді. Осы бағыттағы жұмыс тәсілдерін толық қайта қарау қажет деп санаймыз.

А.ж. 5 сәуірінен бастап әкімшілік заңнамаға түзетулер күшіне енді. Енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге уәкілетті болып табылады.

Бұл тетіктерді барынша пайдалануға ниеттіміз. Өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдамайтын басшылар дербес жауапты болады» – деп атап өтті Жазира Жылқышиева.

Отырыс барысында білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары басқармалары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы есептері тыңдалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша әкім Мұрат Әйтенов әкімдіктің барлық басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанның біршама аймақтарында күн жылиды[:]

Mon Apr 5 , 2021
”Қазгидромет” синоптиктері 6-8 сәуірде Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді. Солтүстік Қазақстанда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде көктайғақ, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы қалыптасады. Синоптиктер болжамына сүйенсек, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, бірақ соған қарамастан күн жылы болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. […]