Түркістан облысының полицейлері бірнеше той өткізген тұрғындарды анықтады

Бүгінде, коронавирус індетімен ауырғандар саны күн санап өсуде. Осыған байланысты Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен карантин режимі күшейтіліп, бірқатар шектеу шаралары қарастырылды,-деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, полиция қызметкерлері мобильдік топпен бірге осы шектеулердің орындалуын қадағалап, тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Адамдар көп шоғырланатын орындар бақылауға алынып, ойын-сауық орындарының талапқа сай қызмет көрсетуі тексерілді. Осындай кезекті профилатикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, карантинге қарамастан сағат 14:30 шамасында Мақтаарал ауданының Атакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан тойханада 400-ден астам адамды жинап, бір уақытта екі бірдей «Құдалық тойын» өткізіп жатқандығы анықталды.

Сонымен қатар осындай жайт Отырар ауданында да бірнеше рет тіркелді. Оның бірі Отырар ауданы Шәуілдір ауылында орналасқан кафенің бірінде 60-тан астам адам жиналып, «Құдалық тойы» өтсе, екінші бір кафеде 100-ге жуық тұрғын жиналып, «Бесік той» өтіп жатқандығы белгілі болды. Анықталған деректерге қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ге жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды[:]

Mon Apr 5 , 2021
Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. “Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. Желіде бөлісіңіз