Түркістанда 30 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ұжымы Наурыз мейрамы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Департамент бастығы генерал-майор Ә.Дүйсебаевтың бастамасымен «Таза табиғат» акциясы аясында Түркістан қаласындағы дендросаябаққа 30 түп түрлі ағаш көшеті отырғызылды.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған шарада қарағай, арша, талшын, ұсақ жапырақты линден, писарда, шығыс туясы және күл ағаштары егілді. Ағаш отырғызу рәсіміне департаменттің бөлімше басшылары мен «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Қ.Ромашов және ардагерлер қатысты.

«Жыл басы жақсы жаңалығымен келді. Жуырда ғана түркітілдес мемлекет басшыларының қатысуымен өткен саммит аясында облыс орталығы – Түркістан қаласына «Түркі әлемінің рухани астанасы» мәртебесі берілді. Өз кезегінде бұл жайт Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына ерекше сыйлық болды деп санаймын», – деді генерал-майор Ә.Дүйсебаев.

Сонымен қатар, «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясы шеңберінде әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын 30 отбасыға түрлі қажетті заттар мен азық-түлік себеттері таратылып, қайырымдылық жасалды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістанда қарқынды бау көлемі артып келеді[:]

Mon Apr 5 , 2021
Түркістан облысы Түлкібас ауданында 54 гектар аумаққа шиенің (чирешня) ерте пісетін сорты отырғызылуда. Оның 50 гектары Мичурин ауылдық округінде орналасқан «Мөлдір» ЖШС-не тиесілі. Серіктестік директоры Қ.Үсембаев көшетті әзірге 30 гектарға егіп, қалған 20 гектарын күз айларында егуді жоспарлап отыр. «Біз көшетті арнайы Түркиядан алдыртып отырмыз. «Американка» деп аталатын шиенің бұл […]