Алматыда ұшақ апатынан аман қалған науқастардың жағдайы әлі ауыр

Алматыда ұшақ апатынан аман қалған екі азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағдайы ауыр. Дәрігерлер науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтады.

Еске салсақ, 13 наурызда Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 6 адам болған еді. Төрт экипаж мүшесі оқиға орында қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған екі әскери азамат сол күні шұғыл аурухана жеткізілген еді.

«Біздің дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Жағдайлары ауыр. Емделіп, қатарға қосылу үшін қолдан келетін барлық көмек көрсетіліп жатыр», – деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Лаура Мырзағали.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады[:]

Thu Apr 8 , 2021
Президентке Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты. Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы […]