Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр

Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Ал өңірдің басым бағыттарының бірі – облыс орталығын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету. Осыған орай облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданған. Ондағы жобалардың бірі – мал бордақылау алаңы бар тауарлы – сүт фермасын құру жобасы.

Гольштейн-фриз тұқымды 1200 мал басқа арналған жаңа ферманың басты мақсаты – тұрғындарды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ферманың құрылысы Кентау қаласы, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында 46 гектар аумақта бастау алды. Бүгінгі күні жобаны іске асыру шеңберінде технологияны жеткізушісі анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жүзеге асуы – сүт және сүт өнімдерінің сапасын арттырып, оның көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады деп жоспарлануда.

«Түркістан» ӘКК» АҚ іске қосылған алғашқы кезеңінде, яғни 2019 жылы 1000 гектар алқапта мал азығы дақылдарын өсіру жобасын бастаған болатын. Бюджет қаражаты мен сол кезде тартылған инвестицияларды пайдаланып, 18 жаңбырлатып суару машиналары сатып алынып, орнатылған. Сондай-ақ егістік алқаптардағы жұмыстарға арналған 26 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылды. Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, жиналған өнім соғылып жатқан өндірістік сүт фермасын қажетті жем-шөп қорымен қамтитын болады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады[:]

Tue Apr 13 , 2021
Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады. «Қысқы мезгілде шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектар жерге қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өндірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 […]