Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз тұрған

49 жастағы алматылық әйел 20 жыл құжатсыз тұрған. Оның үш баласының да туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, әйел 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) төлқұжатын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталған.

“Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты болған жоқ”, – дейді полиция өкілдері.

Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысынан көмек сұраған.

“Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен азаматша және оның балалары ҚР “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі берілді”, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады[:]

Mon Apr 19 , 2021
”Қазгидромет” синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Adilet.tv тілшісі. Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. “Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады”, […]