Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

“Қазгидромет” синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Adilet.tv тілшісі.

Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

“Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын. Осыған байланысты түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз күн жылы болады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]2021 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны көбейген [:]

Mon Apr 19 , 2021
Қазақстан жолдарында өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі. “2021 жылдың басынан бері қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады. 2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 […]