2021 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны көбейген

Қазақстан жолдарында өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі.

“2021 жылдың басынан бері қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады.

2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 621-ге дейін) және зардап шеккендер саны 1 пайызға (3 634-тен 3 605-ке дейін) төмендесе, қаза болғандар саны 12 пайызға (325-тен 363-ке дейін) артқан”, – деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Ол 2020 жылы пандемия кезіндегі карантин шаралары, облысаралық тасымалдарды шектеуге байланысты апат көрсеткіші төмендегенін айтты: жол-көлік оқиғасы – 19 пайызға, қаза тапқандар – 17 пайызға және жараланғандар – 20 пайызға.

Ең жоғары көрсеткіштер 2013 жылы тіркелген. Ол кезде 23 359 жол апаты тіркеліп, 3 мыңнан аса адам қаза тауып, 30 мыңға жуық адам жарақат алған.

“Талдау нәтижесі жолдардағы өлім-жітім жол-көлік оқиғасының үш негізгі түрінің динамикасына байланысты екенін көрсетті. Бұл жаяу жүргіншілерді соғу, аударылу және көліктердің бетпе-бет соқтығысуы. Осы түрлердегі өлім-жітім барлық апатта қаза тапқандардың 56 пайызы болды.

Олардың алдын алу тек қоршаулар қою, реттелетін жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату және жабдықтау есебінен мүмкін болады”, – деп толықтырды ІІМ өкілі.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін жаңғыртуды тапсырды[:]

Mon Apr 19 , 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент биыл 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне […]