Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін жаңғыртуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент биыл 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

“Бұдан бөлек кәсіпкерлер құқығын қорғауға, бизнес жұмысына заңсыз араласатын және көлеңкелі айналымға қамқорлық көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілігін қатаң қарауға қатысты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық тәжірибені зерделеу және мемлекеттік органдардың қызметін тиісінше үйлестіру бөлігінде халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істеуге қатысты бірқатар тапсырма берді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы лауазымынан босатылып, орнына Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов тағайындалған еді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары өскен[:]

Mon Apr 19 , 2021
Елімізде Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары өскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауар саналады (яғни ЕАЭО тауарлары […]