Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды,- деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент қол қойды:

  • “Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына;
  • “Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына;
  • “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына.

Сенаттың мәліметіне сүйенсек, “Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы” заң мемлекетаралық стандарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдайтын құжаттарды тарату және пайдалану қағидаттары бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

“Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы” заң сотталғандар өз мемлекетінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеуге жағдай жасауға мүмкіндік береді. Егер адам ТМД елдері аумағында сотталған болса және жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда ол жазасын өтеу үшін еліне орала алады.

“Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы” заң бойынша бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымға қосымша сынамалар орнатудың күші жойылады. Яғни, қазақстандық сынамасы бар зергерлік бұйымды экономикалық одақтың барлық елі аумағында қайта сынамай-ақ өткізуге болады. Сенаттың мәліметі бойынша, келісім бір жағынан қазақстандық нарықты сапасыз зергерлік шикізат әкелуден қорғаса, ал екінші жағынан аффинаж алтынын өндіруді ұлғайтуға және ЕАЭО кедендік аумағында бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]"ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА ӨТКЕН ТАҒЫ БІР ОБЛЫС[:]

Tue Apr 20 , 2021
Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша тағы да “қызыл” аймаққа өтті, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 20 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай: “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. “Сары” аймақта: Алматы, Шығыс […]