Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Семейдегі “бұлақтан аққан қанға” қатысты түсініктеме берді

Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Березовский кентіндегі “бұлақтан аққан қанға” қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды  ADILET.TV  тілшісі  Arnapress.kz. сайтына сілтеме жасап.

“13 сәуірде сағат 15:10-да “Восток Бройлер” ЖШС-нің мал сою алаңында жабдықтар тозуына байланысты, қасапхана қалдықтарын тасымалдау жүйесі істен шыққан, бұл олардың кәсіпорынның қалдықтарды тазарту қондырғыларына жіберілуіне әсер етті. Салдарынан технологиялық ластанған су мұржадан қызыл түс түрінде ақты.

Бұл жайтты қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Мекеме мамандары жедел әрекет етіп, жағдайды реттеуге кірісті. Жағдай екі сағаттың ішінде реттелді. Келесі күні ауылшаруашылығы бөлімі кәсіпорнының жетекшісі, “Восток Бройлер” ЖШС бас инженері, экологымен бірге сүзгілеу аймағын зерттеді, онда тексеру кезінде ағынды су құбырынан аққан суда қызыл қоспалар табылған жоқ”, -деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Березовский ауылының тұрғыны “бұлақтан қызыл су ағып жатқанын” видеоға түсіріп алған болатын. Желі қолданушылары ол жергілікті құс фабрикасынан шыққан болуы мүмкін екенін және одан жағымсыз иіс шығатынын жазған еді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды[:]

Tue Apr 20 , 2021
Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сүйенсек, 18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды. 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас […]