Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сүйенсек, 18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 663 адамның жағдайы ауыр;
• 176 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

 

Айта кетейік, бүгін коронавирус жұқтыру дерегі төмендегені байқалады. 19 сәуірде Қазақстанда 2 530 жаңа жағдай тіркелген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Белгісіз біреу балаларға оқ жаудырған[:]

Tue Apr 20 , 2021
Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті. “Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды”, – […]