Автожол құрылысына жауапты 4 шенеунік қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», – деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың сапасына байланысты мәселе көтерді. Президенттің сынынан соң «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Алексей Цой вакцинациялау бойынша артта қалып отырған үш өңірді атады[:]

Tue Apr 20 , 2021
19 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 14 147 қазақстандық стационарларда ем қабылдауда. Олардың ішінде 775 науқас жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ауыр жағдайдағы науқастардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті. Министр қазақстандықтарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. «Бүгінде өңірлерде […]