Алексей Цой вакцинациялау бойынша артта қалып отырған үш өңірді атады

19 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 14 147 қазақстандық стационарларда ем қабылдауда. Олардың ішінде 775 науқас жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ауыр жағдайдағы науқастардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті.

Министр қазақстандықтарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

«Бүгінде өңірлерде шамамен 188 мың доза вакцина бар. Вакцинациялау жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Айдың соңына дейін 2 млн азаматты вакцинациялау жоспарланған. Мониторинг нәтижесі бойынша үш өңір вакцинациялаудың тиісті мерзімінен артта қалып отыр. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау және Қарағанды облыстары. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдіктері вакцинация кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет», – деді Цой.

Белгілі болғандай, қазір өңірлерде халықты иммундау жұмысы 1051 егу пунктінде жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, алыс аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ге қарсы вакцина салу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылған. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылған.

Сондай-ақ, Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралу көрсеткішіне қатысты ведомствоның болжамын айтты.

«Оптимистік сценарий бойынша вакцинациялау кестеге сәйкес орындалса, тәулігіне 3000-ға дейін жағдай тіркеліп, бұл сәуір айындағы КВИ-ді жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші болмақ. Нақты сценарий бойынша, вакцинациялау жоспарға сай жүргізілсе, мамыр айының ортасында КВИ жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 4000 жағдайға дейін жетуі мүмкін. Бірінші кезеңде вакцинацияның әсері иммунитетті дамыту үшін біршама уақытты қажет етеді. Ал кейіннен вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әкеледі», – деді министр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]АСҚАР МАМИН: ХАЛЫҚТЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУМЕН ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ[:]

Tue Apr 20 , 2021
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Қазіргі жағдай, халықты вакциналау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндады. […]