АСҚАР МАМИН: ХАЛЫҚТЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУМЕН ҚАМТУДЫ КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Қазіргі жағдай, халықты вакциналау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндады.

Вирустың репродуктивті көрсеткіші республика бойынша 1,065 құрайды. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 41%, реанимациялық төсек орындары – 27%. Қазіргі уақытта Covid-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары тұр. Қостанай және Түркістан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – «сары аймақта».

«Халықты, әсіресе, қамтылуы төмен өңірлерде вакциналаумен қамтуды кеңейту қажет. Ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр коронавируспен ауырып қалған науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмектердің болуына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың белсенді қатысуымен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Цойдың "Спутник V" вакцинасы зерттелмегені туралы айтқан видеосы тарады[:]

Wed Apr 21 , 2021
TikTok әлеуметтік желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінен үзінді видео тарады. Видео кадрларында ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Видео авторлары Алексей Цой “Спутник V” вакцинасы туралы айтып жатқанына сенімді, – деп хабарлайды Stop Fake. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді. […]