Цойдың “Спутник V” вакцинасы зерттелмегені туралы айтқан видеосы тарады

TikTok әлеуметтік желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінен үзінді видео тарады. Видео кадрларында ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Видео авторлары Алексей Цой “Спутник V” вакцинасы туралы айтып жатқанына сенімді, – деп хабарлайды Stop Fake.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді.

“Денсаулық сақтау министрлігі видео денсаулық сақтау министрі журналистің сұрағына толыққанды жауап берген брифингтің видеосынан алынғанын айтты. Онда қазақстандық вакцина туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрінің брифингте берген толық жауабында қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың барлық кезеңінен, тіркеуден, қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі тиіс, тек осыдан кейін ол Қазақстанда жаппай қолдануға жіберіледі делінген”, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Желіде тарап жатқан видеода көрсетілген брифинг былтыр 1 қазанда өткен. Ол кезде министрге қазақстандық Qazvac вакцинасының клиникалық сынақтары және оған жеке өзі қатысқандығы туралы сұрақ қойылған.

Онда денсаулық сақтау министрі бүгінде барлық ниет білдірген адамға салынып жатқан “Спутник-V” вакцинасы туралы айтпаған. Оның сөздері отандық Qazvac препаратын әзірлеуге қатысты болған. Қазіргі уақытта вакцина клиникалық зертетулер сатысында. Аралық нәтижелерге сәйкес, ғалымдар ол қауіпсіз және тиімді деген қорытынды жасап отыр.

Портал мәліметіне сүйенсек, “Спутник-V” препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген клиникалық зерттеулер туралы есептерді кез келген адам ала алады.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әйел медициналық масканы отқа жағып отырғаны түсірілген видео тараған еді. Видеодан масканың жанбай, ери бастағанын көруге болады. Осыдан кейін әйелдер материалдың улы екенін мәлімдеді. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бұл ақпаратқа жауап берді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады[:]

Wed Apr 21 , 2021
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды. Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат […]