Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды.

Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді.

Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған.

Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, прокурорлық қадағалауды бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлау бойынша берілген  тапсырмаларды орындау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Кәсіпкерлер мемлекетке миллиардтаған шығын келтірген[:]

Wed Apr 21 , 2021
Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. “Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық […]