Кәсіпкерлер мемлекетке миллиардтаған шығын келтірген

Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірген.

Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

“Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық залал келтіргені анықталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмеді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік пен 13 тоннаға жуық этил спирті жойылды[:]

Wed Apr 21 , 2021
Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, – деп хабарлайды “AstanaTV” телеарнасы. Телеарна мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық […]