Шымкентте жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік пен 13 тоннаға жуық этил спирті жойылды

Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, – деп хабарлайды “AstanaTV” телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жерасты цехы 2020 жылы қазанда тәркіленген. Қаскүнемдер танымал отандық брендтердің алкоголь өнімін қолдан жасаған. Өндіріске 96 пайыздық этил спиртін пайдаланған.

Цех иесі қылмыстық жауапқа тартылған.

“Жерасты цехын ашқан адам төрт миллион теңге шығын келтірген. Ол шығынды толығымен өтеді. Осыған байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды”, – деді Шымкент Экономикалық тергеу департаменті ресми өкілі Жұпар Мамутова.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты[:]

Fri Apr 23 , 2021
Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2894 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлайды adilettv.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 511, Алматы қаласы – 698, Шымкент қаласы – 131, Ақмола облысы – 126, Ақтөбе облысы – 226, Алматы облысы – 195, Атырау облысы – 133, Шығыс Қазақстан облысы – 98, Жамбыл […]