БЕСІКТЕ ЖАТЫП МЕКТЕПКЕ ТІРКЕЛГЕН СӘБИЛЕР Немесе ЖЕЛГЕ ҰШҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ БІЛІМ ҚАРЖЫСЫ КІМНІҢ УЫСЫНДА?!…

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың назарына!

Біз газетіміздің өткен санында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Риана» жекеменшік жалпы орта білім беру мектебі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне байланысты миллиардқа жуық қаржының талан-таражға түскендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Осы номерде аталған мәселенің бір бөлігіне қатысты мәліметті жариялап отырмыз. Бұл қылмыстық оқиға 2019-2020 жылдар аралығында болғандықтан, сол кездегі Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы Текебаева ханымға тікелей сұраныс хат жолдаған едік. Өкінішке орай, ресми сұраныс хатымызға әзірге дейін жауап келген жоқ. Асылы сол тұста бағдарлама әкімшісі ретінде Текебаева ханым тікелей жауапты тұлға саналатын болатын. 2018-19 оқу жылында Ақерке Абылайхан басшы лауазымын иеленген. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, қылмыстың бастамасы осы кезеңде бастау алған сыңайлы. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлының жеке қабылдауында осыдан бір жарым ай бұрын болып, «Риана» мектебіне қатысты мәселені көтерген болатынбыз. Аталмыш департамент тарапынан тұжырымды жауаптың сиқы тергеу жүріп жатқандығын негізге алып, толыққанды жауап бере алмаймыз деген уәж келтірген. Мемлекетімізде ұйымдасқан небір ауыр қылмыстық топтың қылмыстары ашылып, тиісті жазасын алып жататын 4-5 ай бұл мектептің мәселесіне келген сиырқұйымшақтанып қалғаны бізге жұмбақ. Кім мүдделі? Мемлекеттің қаржысын негізсіз жеген «Риана» мектебінің ісіне кім «қорған» болып отыр? Бұл түбі ашылатын сұрақ. Ендеше, қолда бар мәліметті бағамдайық.

«Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Риана» жалпы білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 24.01.2019 жылғы қорытынды хаттамаға сәйкес, «мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздер-ден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы №190616 шартты жасаған.

Шарттың жалпы сомасы 141 716 700 (жүз қырық бір миллион жеті жүз он алты мың жеті жүз теңге нөл тиын) теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Риана» жалпы білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 24.01.2019 жылғы қорытынды хаттамаға сәйкес, «мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы №190616 шартына, 2019 жылы 18 қазанда №190616/1 қосымша келісім шартымен 169784,7 мың теңгеге немесе 28067,9 мың теңгеге көлемі көбейтіліп жасаған.

Осыған байланысты, «Риана» жалпы білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келісім шартқа сәйкес жалпы 169 784,5 мың теңгеге «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы» актілерін тапсырған.

26.02.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы» №1 актісімен 693 оқушыларға 12883,5 мың теңгеге;

18.03.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №2 актісімен 693 оқушыларға 12883,5 мың теңгеге;

29.07.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №7 актісімен 693 оқушыларға 12883,5 мың теңгеге;

12.09.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №9 актісімен 1107 оқушыларға 19900,0 мың теңгеге;

07.11.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №10 актісімен 1107 оқушыларға 19900,0 мың теңгеге;

11.11.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №11 актісімен 1107 оқушыларға 19900,0 мың теңгеге;

12.09.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №9 актісімен 1107 оқушыларға 19900,0 мың теңгеге;

05.12.2019 жылы «мемлекеттік білім беру тапсырыс қызметін орындағаны туралы №11 актісімен 1107 оқушыларға 19900,0 мың теңгеге тапсырып, екі жақты қол қойып, мөр басып, қабылдап алған.

Журналистік зерделеу барысында «Риана» жалпы білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оқушы болып тіркеліп, осы оқушылар өздерінің мектебінде оқитыны анықталып, қорытындысында 370 оқушының «Риана» жалпы білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оқымайтындығы анықталды.

Жоғарыдағы мәліметтерде көрсетілген мектептердің оқушыларына 2019 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында қаржыланып, кесте бойынша 24 мектептің оқушыларына 11 «атқарылған қызметтер туралы» актілеріне 74 807,3 мың теңге, ал 01 қыркүйегінен 31 желтоқсан аралығында 4 «атқарылған қызметтер туралы» актілеріне 320,9 мың теңге, жалпы 75 128,2 мың теңгені құраған.

Бұл ҚР Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» Ережесінің 215 тармағы сақталмай, 75128,2 мың теңгеге аударылған.

Сонымен қатар, Жоғарыдағы 2019 жылғы тізіміндегі оқушылар 2020 жылғы қаржыланған қаражаттар тізімінде орын алғаны және «Қаржы орталығы» АҚ арқылы қаржыланғаны анықталды.

Шымкент қаласының білім беру басқармасының басшысы Ж.Тажиева ханымның келтірген шындыққа сәйкес келген деректерінде 2020 жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының басқа мектептерінен келіп «Риана» жалпы орта білім беру мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалған тіркелген оқушылар саны 712 екені анықталған.

«Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояпты» демекші, «Риана» мектебіне 0-4 жастағы 139 бала мен 18-20 жас аралығындағы 182 бала тіркелгені анықталған.

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тек 2019 жылға сәйкестік аудит жүргізіп, 75 128,2 мың теңгенің талан-тараж болғанын анықтап отыр.

Тек 2020 жылы «Қаржы орталығы» АҚ арқылы қаржыландырылғандықтан сәйкестік аудит жұмыстарын жүргізе алмаған.

2020 жылға осындай аудит жүргізсе, талан-тараж болған сомма 150 000 (жүз елу мың) теңгеден асып жығылатыны түсінікті болып тұр.

Осы аралықта Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы міндетін уақытша атқарған А.Текебаева ханым қайда қараған?

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті №2 сәйкестік бөлімінің бас маманы мемлекеттік аудитор — Ж.Тастановтың айтуы бойынша 2020 жылға аудит жүргізу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қаулысын күтіп отырғанын айтты.

2020 жылдан бұл мектеп бойынша №207900131000092 қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары созбалаңға салынып жүргізілуде. Біздің негізгі мақсатымыз, мемлекеттің қаржысы, яғни Қазақстан халқының салықтан түскен қаржысы «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпей, кінәлілер заң алдында жазасын алып, қаржы мемлекетке қайтарылуын, әділдіктің орнауын көздейді.

Осы орайда, 5 айға жуық қылмыстық істі созып отырған Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Асхат Жұмағалиев мырза істі созбалаңға салып отырғаны түсініксіз жағдай болып тұр.

Құрметті, генерал Марат Мұратұлы Ахметжанов мырза, Сізді жаңа қызметіңізге тағайындалғаныңызбен құттықтай келе, осы мәселеге арнайы назар аударуыңызды сұранамыз.

(Жалғасы бар).

Ерменбет ТӨЛЕБИ

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ынтымақ Мадиев 340 млн. теңгені жымқырды деген күдікпен абақтыға тоғытылды[:]

Fri Apr 23 , 2021
Шиелі аудандық білім бөлімі басшысы қызметін соңғы уақытта Ынтымақ Мадиев атқарып жүр еді… Иә, иә бұрын Шымкент қалалық білім бөлімін басқарып еді ғой. Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы мен оның қарамағындағы тағы 2 қызметкер қамауға алынды. Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы […]